388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында жедел жәрдем көрсететін бекет саны көбейді

  • 647
  • UPD: 22:45, 16.11.2018
Павлодар облысында жедел жәрдем көрсететін бекет саны көбейді

Павлодар облысында жол бойындағы жедел медициналық қызмет көрсететін бекеттердің саны артты.

Облыс орталығынан  50 шақырымда жатқан Розовка ауылдық амбулаториясы жанынан жедел жәрдем қызметі ашылды. Көлік  көп жүретін «Павлодар –Новосібір» тасжолы осы ауылды басып өтеді.  Шұғыл  медициналық көмек 25 шақырым радиуста, бірінші дәрежелі көмек керек болған жағдайда көрсетіледі.  Ол,  жол-көлік апатына ұшыраған,  қан қысымы көтерілген, түрлі жарақат алған науқастар мен көмекті қажет ететін жүкті әйелдер. Бұл қала сыртында орналасқан осымен үшінші жедел жәрдем бекеті. Бұған дейін ашылған екі бекет өз тиімділігін көрсеткен. Жарты жыл  ішінде дәрігерлер пышақ жарақатымен түскен екі адамға, қан қысымы көтерілген  4 науқасқа шұғыл көмек көрсетіпті. 27 жол-көлік апаты тіркеліп,  зардап шеккен 49 адамның өмірі  құтқарылған. 

Азамат Әлмұқанов, Розовка ауылындағы Жедел медициналық көмек бекетінің  фельдшері:

- Тәжірибелі 4 фельдшер жұмыс жасайтын болады. 2 санитарлық автокөлік реанимобилі, «Газель -бизнес» жаңа медициналық құралдармен жабдықталған. Дистанционды ЭКГ, өкпені жасанды  желдету аппараты, иммобилизация шиналары, акушерлік  және құю реанимациялық төсеулері бар.

Хабар 24 телеарнасы