378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада «Педагогтар мәртебесі туралы» Заң жобасы таныстырылды

  • 727
  • UPD: 21:28, 30.11.2018

Ұстаздық еңбек өтілі 35 жылдан асқан педагогтар өз еркімен зейнетке шығуға құқылы болуы мүмкін.

Сондай-ақ алдағы уақытта мұғалімдерді негізгі міндетінен тыс жұмысқа жегіп, газет-журналға жазылуға міндеттейтін басшылар әкімшілік жауапқа тартылады. Ал ата-аналардың мұғалімнің кәсіби қызметіне жөн-жосықсыз араласуына жол берілмейді. Әрине, әзірге мұның бәрі «Мұғалім мәртбесі туралы» әзірленіп жатқан заң жобасына қосылған ұсыныстар. Бүгін оларды арнайы құрылған жұмыс тобы талқылады. Сондай-ақ әрбір тұрғын өкілетті органға өз ұсынысын жолдай алады. Ал жалпы заң жобасы келесі жылдың  мамыр, маусым айларында қабылдануы мүмкін.

Айман Дүйсенбаева, Мектепке дейінгі орта білім департаментінің бас сарапшысы:

- Бізде газетте «Білімдегі ел» деген айдар ашылған. Сонымен қатар министрлікте. Сосын хаттар арқылы облыстардан, жергілікті жерлерден ұсыныстар түсіп жатыр. Көбін қарап шықтық. Сонымен қатар жас мамандарға қолдау көрсету, бұл өте жақсы тың мәселе. Жергілікті жерлерге құқық берілген. Оларға жәрдемақы төлеу мәселесі. Барған кезде бірден ұстазға көмек ретінде. Пәтер, тағы басқа мәселелер шешілсе. Бізге осындай ұсыныстар түсті, біз оны заң аясында қарастырып жатырмыз.

Заң жобасы жалғыз мектеп мұғалімдерін ғана емес, жалпы педагогика саласында қызмет істеп жүрген барлық деңгейдегі маманды қамтиды. Мұнда мұғалімдерді көрнекі құралмен толық жабдықтау, әлеуметтік кепілдіктер беру, жалақысын көбейтіп, жүктемесін азайту бар. Бұдан бөлек ауылдық жерлердегі мұғалімдерге жылына бір рет берілетін коммуналдық өтемақыны белгілеу мәселесі де қаралып жатыр. Заң жобасын әзірлеуге Корея Республикасы мен ТМД елдерінің және ЮНЕСКО-дағы педагог туралы заңдары үлгі ретінде алынған.

Айгүл Мұқашева, білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары:

- Қазіргі заң бойынша әлеуметтік кепілдіктер жергілікті атқарушы биліктің құзыретіне қарай белгіленеді. Тегін медициналық тексерістен өту. Ауылдық жердегі мұғалімдерге коммуналдық өтемақы төлеу жұмыстары әр өңірде әртүрлі жүзеге асып жатыр. Мәселен, Алматы облысы мен Қызылорда облысының мұғалімдері өз ақшаларына медициналық тексеруден өтеді. Өйткені жергілікті бюджетте қаржы жетіспейді. Ал Көкшетау маңындағы елді мекеннің мұғалімдері коммуналдық өтемақыны мүле алмайды. Солтүстік Қазақстанда 1300 теңге береді. Ал көмір бағасы 18-24 мың арасында. Енді осы кемшіліктердің барлығы заңмен реттеледі деп сенеміз.

Хабар 24 телеарнасы