389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда өткен «Халықтық заңгер» акциясын Гиннестің рекордтар кітабына ұсынуға шешім қабылданды

  • 769
Ақтауда өткен «Халықтық заңгер» акциясын Гиннестің рекордтар кітабына ұсынуға шешім қабылданды

Ақтауда «Халықтық заңгер» жалпыұлттық акциясы өтті.

Мақсат – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қажетінше тегін заңгерлік көмек беру. Шара аясында көпшілік прокурор, адвокат, сот орындаушы, полиция және әділет қызметкерінен білгісі келген сауалдарына жауап алды. Қойылған сұрақтың дені көші-қон құжаттарын рәсімдеу мен жылжымайтын мүлікті тіркеу бойынша болды. Сондай-ақ азаматтардың жекелеген мәселелері сол жерде оң шешімін тапты. Айта кетейік, мұндай акция 2013 жылдан бері барлық өңірде ұйымдастырылып келеді. Биылғы шара бір мезетте 18 қалада өткізілді. Осы орайда «Халықтың бір мезгілде тегін құқықтық кеңес алуы» аталымы бойынша Гиннестің рекордтар кітабына ұсынуға шешім қабылданды.

Нариман Айтжанов, ҚР МҚІСЖҚІА өңірлік департаментінің басқарма басшысы:

– Құқықтық мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысуда. Бұл жердегі басты мақсат - тегін құқықтық қызмет көрсету. Оның өзі үлкен мәселе болып табылады. Себебі көпшілікке мәлім кейбір ақылы түрдегі заңды қызмет ала алмайтын азаматтарымыз бар. Және де тиісінше осы құқықтық көмек көрсетіп отырған мемлекеттік органдардың өкілдері әрі қарай осы азаматтардың мәселелерін түпкілікті, заң жүзінде шешуге талаптанатын болады.

Хабар 24 телеарнасы