384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейдегі түзету әдістемесіне негізделген орталық жаңа ғимаратқа көшті

  • 232
  • UPD: 15:51, 06.12.2018

Семейдегі қоғамдық негізде құрылған әлеуметтік орталық жаңа ғимаратқа көшті. Осыдан 3 жыл бұрын ашылған мекеме негізінен аутизм дертіне шалдығып, сөйлеу қабілеті төмен балаларды қоғам мен әлеуметтік ортаға бейімдеумен айналысады.

Қазір мұнда 1 жастан 13 жасқа дейінгі 40-тан астам бала тәрбиеленіп жатыр. «Табысты перзент» жобасы аясында бірнеше жеткіншек ортаға тез қосылып, мектептерде білім алып жүр екен. 2 қабатты еңселі ғимаратта келушілердің саны артып, оларға көрсетілетін қызмет түрлері де көбейе түседі деген жоспар бар.

Гүлнәр Толқынбаева, орталық қызметкері:

- Қазір ата-аналардың көбінде перзентіне лайықты көңіл бөлуге уақыт жоқ. Ал біз арнайы педагог-психологтардың көмегімен мұндай ерекше балаларға әр түрлі жаттығулар мен сабақтар арқылы қоғамға, әлеуметтік ортаға бейімдеуге тырысамыз. 3 жылдың ішінде 200-ден астам отбасына көмек көрсеттік.

Хабар 24 телеарнасы