384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміз бен БАӘ арасында заң саласындағы ынтымақтастық нығаяды

  • 789
  • UPD: 23:29, 06.12.2018

Еліміздің Бас прокуратурасы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Федералды прокуратурасы өзара ынтымақтастықты арттырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шетелде бой тасалап жүрген қылмыскерлерді беру жөнінде келісім жасалағаннан кейін Біріккен Араб Әмірліктері 9 адамды елге қайтарды. Бұл мәселені бүгін бас прокурор Қайрат Қожамжаров пен Әмірліктердің федералды прокуроры Әл-Шамсимен талқылады. Екі жақты кездесуде ұрланған активтерді кері қайтару жайы да пысықталды. Тараптар ірі қаржылық қылмыстарға қатысы бар күдіктілерді экстрадициялау мен тергеу амалдарына қатысу мүмкіндіктерін талқылады. Сондай-ақ терроризм мен діни лаңкестік қаупіне қарсы іс-қимыл мәселесі көтерілді. 

Хабар 24 телеарнасы