386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Келер жылы СҚО-ға оңтүстіктен 690 отбасы қоныс аударады

  • 535
  • UPD: 23:36, 07.12.2018

Өңірді дамытудың кешенді жоспары аясында оларға 140 ауылда жаңадан тұрғын үйлер салынады. Жұмыс та дайын.

Әйгерім Төлендиева отбасымен оңтүстіктен солтүстікке көшіп келгендердің бірі. Қазір Ильичевка ауылында медбике. Күйеуі май зауытында жұмыс істейді. Бұл олардың осындағы алғашқы қысы.

Әйгерім Төлендиева, амбулаториялық қосын мебдикесі:

- Шымкентте бізде + 3, + 4 градус болады. Мұнда – 40 градус дейді ғой. Жайлап үйренсініп жатырмыз. Енді Отанның ыстығы да, суығы да болмайды дейді ғой.

Солтүстігі болсын, батысы болсын, шығысы болсын ол менің туған жерім деп білемін. Және мамандық иесі болып, өзімнің алдағы жұмысымды міндетті түрде жақсылап атқару. 

Биыл Солтүстік Қазақстан облысына 407 отбасы немесе 1 мың 377 адам көшіп келді. Оларға уәде етілгендей үй, көтерме ақы, жұмыс, отын – көмірге дейін берілді. Дегенмен жұмыс күші әлі де жетіспейді.

Алма Махметова, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының бөлім басшысы:

- Тапшы мамандықтар біріншіден ол бюджеттік салада. Мұғалімдер жетіспейді, дәрігерлер жетіспейді және де ауылдық жерлерде ветеренарлық дәрігерлер, мал шаруашылығында агрономдар, механизаторлар. Сондай мамандықтар керек бізге қажетті. 

Өңірде «Солтүстік Қазақстан облысын дамытудың 2018 – 2021 жылдарға арналған кешенді жоспары» бойынша қоныс аударушыларға жаңа үйлер салынады.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Twitter@91Aidarbek:

- Оңтүстіктен солтүстікке көшіп келетіндерге арналған алғашқы үйлер Ильичевка ауылында салынды. Өңірде 2021 жылға дейін дәл осындай 3 мың баспана бой көтереді. 

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы