386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Варшава университетінде еліміздің Тәуелсіздік күні тойланды

  • 471
  • UPD: 00:11, 19.12.2018

Польшаның ең ірі білім ордаларының бірі Варшава университетінде Қазақстан күні аталып өтілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шараға шығыстанушы профессорлар, дипломаттар мен қазақ диаспорасының өкілдері жиналды. Мерекелік іс-шараға Польшада оқып жүрген қазақ жастары ұйытқы болды. Салтанатты жиынға қатысушылар ежелгі көшпенділер мәдениеті мен Қазақстанның қазіргі дамуы жайлы баяндады. Концерттік бағдарламаға атсалысқан Польша студенттері қазақша ән шырқады. Ал қазақ жастары домбырамен күй шертіп, халық әндерін орындады. Бұдан бөлек қонақтар қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты.

Петр Тараха, Варшава университетінің деканы:

- Біздің университетте осындай мәдени іс-шараның ұйымдастырылғанына қуаныштымыз. Бұл күндері Қазақстан Тәуелсіздігінің 27 жылдығы мен Польшаның ғасырлық тойын мерекелеп жатырмыз. Екіншіден, польшалықтарға көшпенілер мәдениеті жайлы көбірек мағлұмат бергенді көздеп отырмыз. Себебі, бірі білсе, бірі білмейді. Сондықтан қазақ студенттерінің бастамасын қашан да қолдауға дайынбыз.

Роза Мизанбай, Варшава университетінің магистранты:

- Өзім осында тұрған соң, Варшава университетінің түркология бөлімінде оқып, сол жерде жұмыстар атқарып жатқан соң, тәуелсіздікті де жүрген ортамда таныстырайын, өзімді таныстырайын, өз елімді таныстырайын деген мақсатпен осы іс-шараны қолға алдым. Тәуелсіздік тұғырлы болсын! Мереке құтты болсын! Еліміз тыныш, аман-есен болайық!

Хабар 24 телеарнасы