386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда 35 градусқа дейін аяз болады

  • 867
  • UPD: 12:30, 20.12.2018
Қазақстанда 35 градусқа дейін аяз болады news.ykt.ru

Синоптиктер 2018 жылдың 20-22 желтоқсан аралығындағы ауа райы болжамын жариялады.

«Қазгидромет» болжамы бойынша алдағы күндері республиканың басым бөлігінде 35 градусқа дейін аяз күтіледі.

Суық арктикалық фронтпен байланысты алдағы тәуліктерде республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарының кей жерлерінде қар бұрқасынмен бірге және ек-пінді жел күтіледі. Скандинавияның солтүстік аймақтарында қалыптасқан антициклон және осы фронттың артынан жылжуы, жауын-шашынның тоқталуы және ауа температурасының суытуына алып келеді.

Ал Қазақстанның таулы және тау бөктері аймақтары оңтүстік фронталды жүйенің әсерінде болады, мұнда әлі де аздаған қар, тұман және көктайғақ сақталады. Ауа температурасы республиканың бүкіл аумағында климаттық нормадан төмен болады, бірақ солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында түнгі температура 30...35°С дейін төмендейді, бұл қалыпты жағдайдан 6…9°С климаттық нормадан төмен.

Хабар 24 телеарнасы