382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бакуде «Алаш Орда» қозғалысы жайлы кітаптың тұсаукесері өтті

  • 871
  • UPD: 10:13, 22.12.2018

«Алаш Орда» туралы кітап Әзірбайжан тілінде жарық көрді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәуелсіздікке ұмтылған қазақ зиялыларының арман-мақсаты Әзірбайжан тілінде баяндалған. Сондай-ақ Әзірбайжан халқының әйгілі ақыны Гусейн Джавидің өлеңдер топтамасы қазақшаға аударылып, латын қарпімен басылып шықты. Қос кітаптың тұсаукесері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласының аясында Қазақстан Елшілігінің ұйытқы болуымен іске асты. Жоба авторларының пікірніше, өткен ғасырдың басында егемендікке ұмтылған қазақ халқының дара жолы Әзірбайжандық оқырман қауымның қызығушылығын тудырады. Сондай-ақ әзірбайжандық ақын Гусейн Джавидің қазақшаға аударылған өлеңдері Алматыда таныстырылды. Ол латын қарпінде басылған алғашқы кітаптардың бірі. Алашордалық қайраткерлер сынды Гусейн Джавид те өз ұлтының тәуелсіз болуын аңсаған күрескер ақын. Ұлты бөлек болғанмен, тағдыры ұқсас қайраткерлердің еңбегін ұлықтау Қазақ-Әзірбайжан тараптары үшін қасиетті борыш саналады.

Низами Тагисой, профессор, аударма авторы:

Бүгінгі күн еліміздің әдеби-қоғамдық өміріндегі айтулы күн саналады. Қазақстанның Тәуелсіздігі жолында жанын пида еткен Алаш орда қозғалысы маңызды рөлге ие. Қозғалыс өкілдері қазақ халқының мүддесі үшін ақтық демі таусылғанша күресті. Сондықтан әзірбайжандық оқырмандарды «Алаш» партиясының қызметімен таныстыру өте маңызды деп білемін. Себебі ол түркі халықтарының ортақ тарихы саналады.

Ғалымқайыр Мұтанов, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры:

- Қос ел де бүгінде егемендікке қол жеткізіп, бүгінде мемлекеттерін нығайтуға күш салуып келеді. Бұл ата-бабамыздың аңсаған арман-мұраты еді. Енді ол сәтімен іске асуда. Біздің тарихымыз, мәдениетіміз бен тіліміз ортақ. Оның үстіне қос елдің тағдыры да сабақтас.

Хабар 24 телеарнасы