386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада ауа райына байланысты жұмыс күнін қысқарту ұсынылды

  • 673
  • UPD: 13:46, 25.12.2018
Астанада ауа райына байланысты жұмыс күнін қысқарту ұсынылды Samso

Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті кәсіпорындар мен мекемелерді жұмыс күнін қысқартуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ауа райының бұзылуы және ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік органдарға, білім мекемелеріне, кәсіпорын (базарлар, СОО), құрылыс объектілеріне жұмыс күнін қысқартуды ұсынады. Бұл ақпарат қаланың тіршілікпен қамтамасыз ету ұйымдары, атап айтқанда өрт сөндіру қызметі, полиция, төтенше жағдайлар департаменті, жедел жәрдем қызметі, коммуналдық қызметтеріне қатысты емес» делінген хабарламада.

«Қазгидромет» РММ мәліметінше, 25 желтоқсан күні ауа температурасы -30 градусқа дейін төмендейді, дегенмен сезілуі -38 градус. Жел екпіні - секундына 2 метр.

Төтенше жағдайлар департаменті оқыс оқиға орын алса, «112» нөміріне қоңырау шалу керектігін еске салады.

Хабар 24 телеарнасы