424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында заманауи мұз айдыны ашылады

  • 1069
  • UPD: 16:30, 02.01.2019

2019 жылы Қостанай облысында заманауи мұз айдыны сарайы және шаңғы базасы ашылады.

Бұл мақсатқа шамамен 5 миллиард теңге бағытталмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаражаттың 90% инвесторлар есебінен қарастырылады.

Қазір облыста 2446 спорт нысаны бар. Бұлар түрлі кешендер, ойын алаңдары мен хоккей корттары. Халықтың 30% бұқаралық спортпен қамтылған. Ал қысқы спорт түрлері кенжелеп тұр. Қостанай және Рудный қалаларында ғана мұз айдыны сарайлары бар. Шаңғы спорты, конькимен сырғанау және шорт-тректен бар жоғы 12 адам ұлттық құрамаға мүше.

Николай Федоренко, шорт-тректен облыстың аға бапкері:

- Қала, аудандарда мұз айдыны сарайларын көптеп салуымыз қажет. Қыс мезгілінде спортшылар еш алаңдамастан шұғылдану үшін жабық кешендер болса тіпті жақсы. Себебі, біздің өңір барлық жас ерекшеліктері бойынша Қазақстан құрамасына спортшылар даярлайды.

Дегенмен, 2019 жылы жағдай күрт өзгермек. Өңірде соңғы үлгідегі екі ірі спорт нысаны бой көтереді. Республикалық, халықаралық деңгейдегі жарыстарды қабылдау мүмкіндігі болады. Ең бастысы - тұрғындардың қысқы спорт түрлеріне қолжетімділігі артады.  

Сергей Богаченко, облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы:

- Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 2000 орындыққа арналған мұз айдыны сарайы салынады. Оның құны 4,5 миллиард теңге. Нысанда шорт-трек, мәнерлеп сырғанау сияқты спорт түрлерін дамытамыз. Ал жергілікті бюджеттен 400 миллион шаңғы базасын тұрғызуға жұмсалады.

Сала мамандары жаңа мұз айдыны сарайының ашылуымен облыста екінші хоккей командасының пайда болуын жоққа шығармайды. Бұл да халықтың қысқы спорт түрлеріне деген қызығушылығын оятары анық.

Авторлары: Данияр Сұлтанұлы, Ермек Мұхамедияров

Хабар 24 телеарнасы