429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда коммуналдық қызмет ақысы арзандады

  • 963
Қазақстанда коммуналдық қызмет ақысы арзандады Tengrinews.kz

Биыл Қазақстан аумағында коммуналдық төлем түрлері арзандады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айталық Ақмола облысында жылу бағасы 36,8%, Солтүстік Қазақстанда 1,1%, ал Шығыс Қазақстан облысында 2,8% төмендеген. Ел азаматтарының енді газ бен электр энергиясына жұмсайтын шығыны да азаяды.

Алматыда көгілдір отын 12%, ал Шымкент қаласы, Түркістан және Жамбыл облыстарында 6% арзандауы тиіс. Жарық бағасы болса, жеке тұлғалар үшін 1,7-ден 22,32% дейін, ал заңды тұлғалар үшін 18% дейін төмендейді деген жоспар бар.

Хабар 24 телеарнасы