425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Енді дәрі-дәрмек бағасын көтергендер лицензиясынан айырылады

  • 1125
  • UPD: 19:43, 08.01.2019
Енді дәрі-дәрмек бағасын көтергендер лицензиясынан айырылады Stan.kz

Енді дәрі-дәрмекті белгіленген бағадан қымбат сатқан дәріханалар лицензиясынан айырылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін қабылданған заң аясында пайдакүнемдерге қарсы осындай қатаң, бірақ қажет шара қабылданды. Бұл заң Денсаулық сақтау министрлігіне дәрі-дәрмек бағасын реттеу құзыретін береді. Бұрын ведомство баға саясатына араласа алмайтын. Қазір салалық министрлік бағаны реттеудің механизмдерін барлық мүдделі тараптармен талқылап жатыр. Олар бір тоқтамға келсе, сәуір айынан бастап дәрі-дәрмек бағасы қолжетімді бола түспек. Қазір Қазақстанда 8 мыңға жуық дәрі-дәрмек түрі мен 9 мыңдай медициналық бұйым тіркелген.

Нұрлыбек Асылбеков, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі фармация комитеті төрағасының орынбасары:

- Осы заң күшіне енгеннен кейін 3 айдан кейін барып, бағаны реттеу күшіне енеді. Әкімшілік кодексте бап бар. Шектелген бағадан жоғары сатылса, кодекс бойынша айыппұл, болмаса лицензияны тоқтату бойынша шаралар қаралған.

Хабар 24 телеарнасы