426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да бірнеше ауыл әлі күнге дейін қар құрсауында қалып отыр

  • 959
  • UPD: 18:54, 09.01.2019
БҚО-да бірнеше ауыл әлі күнге дейін қар құрсауында қалып отыр

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданына қарасты бірнеше елді мекен әлі де қар құрсауында қалып отыр.

Атап айтқанда, Ақадыр мен Жақсыбай ауылының тұрғындары сыртқа шыға алмай қалды. Қазір жергілікті коммуналдық кәсіпорын техникалары тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Айта кетейік, желтоқсан айының соңғы күндерінде ауданға қарасты бірнеше қыстақ жарықсыз қалған болатын. Оған электр желілерінде мұз қатуы басты себеп. Аталған проблеманы шешуге аудан аумағындағы шекара бөлімі жасақтарының арнайы техникасы жұмылдырылып, нәтижесінде ауылдарға жарық берілді. Жалпы биыл өңірге түскен ақ ұлпаның көлемі жылдағыдан бірнеше есеге көп. Қалың қар әсіресе Таловка, Тау және Қамысты секілді ауылдық округтер тұрғындарын біраз әбігерге салды. Мысалы, Таловкаға қарасты 18 ауылдың 16-сына баратын жол аршылды.

Хабар 24 телеарнасы