389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда орман ғарыштан бақыланады

  • 769
Қостанайда орман ғарыштан бақыланады

Қостанайлық орманшылар заңсыз ағаш кесу, орман өрттерін болдырмауда ғарыштың көмегіне жүгіне бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде геопортал жүйесі іске қосылды. Аталған жаңашылдық жасыл желектерді қашықтықтан суретке түсіріп, нақты көлемін белгілейді. Қазір 11 орман шаруашылығы 500 мыңдай гектар жерді онлайн режимде бақылауға алған. Былтыр пилоттық негізде сыналған жүйемен заңсыз ағаш кесудің 7 фактісі анықталды. Келешекте бұл жоба өзге де салаларда қолданысқа енгізіледі.

Анар Саламатова, облыстық орман шаруашылығы аумақтық инспекциясының бөлім басшысы:

– Геопорталда бар ақпарат тәулік сайын жаңарады. Өрт, ағаш кесу деректері тіркелсе, бірден көреміз. Сол аумақтың дәлме-дәл координаттарын білу арқылы мамандардымыз шұғыл түрде жете алады.

Хабар 24 телеарнасы