419,87 505.95 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада мұздан жасалған ең үздік мүсіндердің халықаралық байқауы басталды

  • 1724
  • UPD: 21:22, 13.01.2019
Астанада мұздан жасалған ең үздік мүсіндердің халықаралық байқауы басталды inform.kz

Астанада мұздан жасалған үздік мүсіндердің халықаралық байқауы өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елорда әкімдігінің ресми сайтында мәлім етілгендей, халықаралық конкурстың ашылуы бүгін Ботаникалық бақтың аумағында өтті. Мақсат - суретшілерге шығармашылық тәжірибе алмасуға жағдай жасау, қала тұрғындары мен қонақтарының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, Астананың имиджін мәдени туризм орталығы ретінде қалыптастыру. «Мұзды мүсіндер «Мың бір түн» тақырыбында Есіл өзенінен ойылып алынған мұздардан жасалады. Қыс маусымының соңына дейін қандай мүсіндер соғылатыны біз үшін де жұмбақ. Олар Ботаникалық бақ келушілерін қуантатын болады», - деді Есіл ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Нұрлан Омаров.

Байқауға Қазақстан, Ресей және Қытай елдерінен 6 команда қатысуда. Қазақстандық команда Ақтөбе, Қарағанды, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Ақмола және Алматы облыстарының мүсіншілерінен құралған. Ал Астана қаласының атынан бірден 4 команда қатысуда. Әр команда қазылар алқасына бір мүсінді таныстыратын болады. Жеңімпаздар 16 қаңтар  күні белгілі болады. «Гран-при және жүлделі орындарға ие болғандар кубоктармен, дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталады.  Басқа қатысушылар да назардан тыс қалмайды», - дейді ұйымдастырушылар.

Хабар 24 телеарнасы