425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Браконьерлер соққыға жыққан инспектордың көз жұмғаны туралы ақпарат жоққа шығарылды

  • 976
  • UPD: 18:50, 14.01.2019
Браконьерлер соққыға жыққан инспектордың көз жұмғаны туралы ақпарат жоққа шығарылды

Қарағанды облысында браконьерлердің соққысына жығылған «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторының жағдайы өте ауыр.

Бұл туралы бүгін ҚР АШМ ресми өкілі Сәкен Қалқаманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, инпекторлар Нұра ауданының аумағында автомобильдердің жаңа түскен ізін көрген. Браконьерлерді іздеу барысында инспекторлардың бір көлігі қарға батқан. Екінші көліктегі инспекторлар П.Ницык пен Е.Нұрғалиев браконьерлерді қуғындауын жалғастырған. Олар екі «Тойота Лэнд Крузерді» қуып кеткенде, көлікте отырған браконьерлер инспекторларға қару кезеніп қорқытқан. Бұл әрекетке жауап ретінде инспекторлар ескерту оғын әуеге атқан. «Инспекторлар көліктердің бірін тоқтатқан кезде одан үш адам шығып, қарсылық көрсеткен. Олар П.Ницык пен Е.Нұрғалиевті соққыға жыққан. Сонымен қатар олар инспекторлардың көлігінің кілті мен GPS құрылғыларын алып кеткен. Осы әрекеттері арқылы олар инспекторларды өлім ауызында қасақана қалдырған. Ницык бірінші есін жиып, ес-түссіз жатқан Нұрғалиевті көрген. Содан кейін радио арқылы екінші экипажға хабар берген», – деді Сәкен Қалқаманов.

Оның дерегінше, П.Ницык пен Е.Нұрғалиев Астана қалалық №1 ауруханаға жеткізілген. Нұрғалиев ес-түссіз жатыр. Жағдайы өте ауыр.

Осылайша Сәкен Қалқаманов бұған дейін Нұрғалиевтің көз жұмғаны туралы жарияланған ақпаратты жоққа шығарды.  

Хабар 24 телеарнасы