384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да 17 жастағы жасөспірімді өлтірген күдікті ұсталды

  • 372
БҚО-да 17 жастағы жасөспірімді өлтірген күдікті ұсталды

Батыс Қазақстан облысында 17 жастағы жасөспірімді өлтіріп кетті.

Ол Ақсай қаласындағы колледждердің бірінде оқыған. Оқиға 13 қаңтар күні таң ата болған. Денсаулық сақтау басқармасының мамандары Бөрлі аудандық орталық ауруханасына пышақ жарақатымен науқастың түскендігін растады. Дәрігерлер оның өмірі үшін қанша күрескенімен, бір сағаттың ішінде ол тіл тартпай кетті. Ал полицейлердің хабарлауынша, бұл іске қатысы бар бас күдікті ұсталып, қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Хабар 24 телеарнасы