389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында жанармай бекетіне шабуыл жасаған экс-полицей сотталды

  • 384
  • UPD: 02:36, 16.01.2019
Ақмола облысында жанармай бекетіне шабуыл жасаған экс-полицей сотталды

Ақмола облысының Шортанды ауданында жанармай құю бекеттерінің біріне қарақшылық шабуыл жасаған полиция қызметкеріне сот үкімі шықты.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың қазан айында Шортанды аудандық ІІБ уақытша ұстау изоляторының басшысы «Вепрь-223» маркалы аңшы мылтығымен «Астана-Көкшетау» тас жолының бойындағы жанармай құю бекетіне баса көктеп кіріп, кассирді жарақаттап, кассадағы қаражатты жымқырып кеткен болатын.

Жалпы келтірілген шығынның сомасын сот 1 млн 184 мың 230 теңгеге бағалап отыр. Осылайша аталған қылмыстық істі 3 ай бойы қараған аудандық сот кінәлі Қ.Аманжоловты 5 жылға бас бостандығынан айырды.

Айта кетейік, 39 жасар полиция капитаны кәмелетке толмаған 3 баланың әкесі.

 Авторы: Дамир Берікұлы

Хабар 24 телеарнасы