419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сыр бойында «Бастау» жобасы аясында 1600 адам кәсіпкерлікті меңгерді

  • 1666
  • UPD: 10:21, 20.01.2019
Сыр бойында «Бастау» жобасы аясында 1600 адам кәсіпкерлікті меңгерді

Қызылорда облысында «Бастау» жобасы аясында 1 мың 600 адам кәсіпкерлік негіздерін меңгерді. Олар бір айлық курс аясында бизнес-жоба құрып, оны жүзеге асырудың қыр-сырына қанықты.

Бүгінде олардың 319-ы жеңіл пайызды несиеге қол жеткізсе, 75-і мемлекет тарапынан тағайындалатын қайтарымсыз гранттың иегері атанып отыр. Кәсіпке ден қойғандардың қатарында 17 жастағы өреннен бастап, 60-қа таяған аға буын өкілдері бар. Жобаға қатысушылардың дені мал шаруашылығын оңтайлы көрген. Сондай-ақ ағаш өңдеу, құрылыс материалдарын өндірумен қатар, тігін цехы, асхана және шағын оқу орталықтарын ашу секілді кәсіп түрлері бар.

Фархат Әбжаппаров, облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы:

- Бағдарламаның негізгі мақсаты ауылдағы жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды осы «Бастау» жобасы аясындағы кәсіпкерлік негіздерін оқыту, әрі қарай сол кісілерге сүймелдеу жұмыстарын жүргізу болып табылады. Кәсіпкерлік негіздерін оқытып болғаннан кейін қажеттіліктеріне сай бір ай ішінде бизнес жоспар дайындау және банктерге қалай жұмыс жасау керек, соның барлығын толық үйреніп шығатын болады азаматтар.

Хабар 24 телеарнасы