431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аягөзде жолда қалған 150 адам қонақүйлер мен спорт мектебіне орналастырылды

  • 1275
  • UPD: 10:21, 21.01.2019
Аягөзде жолда қалған 150 адам қонақүйлер мен спорт мектебіне орналастырылды

Кеше түнімен Семей және Өскемен қаласынан шыққан автокөліктер Аягөз қаласында аялдауға мәжбүр болды.

Өйткені Алматы-Өскемен тасжолы қатты боранға байланысты жабылған. Бүгін таңғы 8.00-дегі мәлімет бойынша 68 адам қонақ үйлерге, 82 адам спорт мектебіне орналастырылып, ыстық тамақ ұйымдастырылған. 25 жолаушы туыстарының үйіне кеткен. Үржар және Алматы бағытына кетіп бара жатқан 39 жүк көлігі, 22 жеңіл көлік, 7 автобус Аягөзде аялдады. Бұл туралы біздің тілшімізге Аягөз аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Медет Мырзыкешев хабарлады. Ал Алматы-Өскемен тасжолының 683-шақырымында құтқару жұмыстары мен жол тазалау қарқынды жүріп жатыр.

Авторы: Болат Көкенайұлы

Хабар 24 телеарнасы