380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда «Білім орталығы» жобасы ашылды

  • 812
  • UPD: 23:09, 24.01.2019

Ертіс өңірінде елімізде алғашқы болып өндірістік ошақтардың жанынан «Білім орталығы» жобасы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жұмысшы жастардың ғылыми тәжірибемен бөлісуіне арналған алаңды ашуға «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты мұрындық болды. Мұндай орталықтар бұған дейін еліміз бойынша білім беру, мәдени ошақтар мен әскери бөлімдердің жанын ашылған. Бүгінде олардың саны 30-ға жетеді.

Айта кеткен жөн, қазір аймақтың өнеркәсіп нысандарында бес мыңға жуық жас маман еңбек етеді. Бір ғана Павлодар мұнай-химия зауытында 29 жасқа дейінгі 500-ге тарта маман бар. Болашақта орталықта маңызды кездесулер мен семинар-тренингтер ұйымдастырылады. Жас мамандардың бос уақытын тиімді өткізуіне де бар жағдай жасалған.

Данияр Сүндетбаев, «Жас отан» партиясы Жастар қанатының төрағасы:

Павлодар облысы әрдайым алдыңғы қатарда. Партияның жобалары осы өңірде табысты жүзеге асырылуда. «1000 IT-сынып», «Еnglish for zhastar», «Жастар - ауылға» сияқты жобалардың болашағы мол. Жастар жылы да ілкімді жобалар жалғасын тауып, жаңа бастамалар қолға алынады.

Хабар 24 телеарнасы