422.66 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте «Қайырымдылық керуені» байқауына іріктеу жүріп жатыр

  • 2420
  • UPD: 13:25, 26.01.2019
Шымкентте «Қайырымдылық керуені» байқауына іріктеу жүріп жатыр

Шымкентте «Қайырымдылық керуені» республикалық байқауына іріктеу жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ізгілікке бастайтын игі жоба Тұңғыш Президент қоры мен Іскер әйелдер қауымдастығы және «Хабар» агенттігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Мақсат – ізгі жандардың игілікті істерін насихаттау. Конкурсқа әлеуметтік, қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуге атсалысып жүрген белсенді азаматтар қатыса алады. Ол үшін ақпан айының соңына дейін қатысушылар өз өтініштерін беруі тиіс. Жеңімпаздар 5 аталым бойынша анықталады. Яғни, «Асар», «Туған жер», «Батыл жүрек», «Қайырымдылық тарихы», «Мейірім жолында» ілкімді істер атқарған атымтай жомарттар өз бақтарын сынайды. Ал жеңімпаздарды Алғыс айту мерекесі қарсаңында елордада арнайы сыйлықтармен марапаттайтын болады.

Эльмира Созақбаева, қалалық іскер әйелдер қауымдастығы төрайымы:

- Бұл акцияға заңды және жеке тұлғалар қатыса алады. Мақсат біреу. Қолдан келгенше адамдар бір-біріне қолдан келгенше қайырымды екендігін көрсетіп, мейірімділік танытса екен дейміз. Барлығын осы бір байқауға қатысуға шақырамын. Әрбір жүрегі азамат мұндай істен қашпайды деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы