418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет жастардың стартап-жобаларына биыл 32 млрд теңге бөлмек

  • 1645
  • UPD: 15:28, 26.01.2019

Мемлекет жастардың инновацияға негізділген стартап-жобаларына биыл 32 миллиард теңге бөлетін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шығыс Қазақстан облысындағы техникалық университеттің жас ғалымдары отандық имплант жасап шығарды. Жобаның ғылыми бағыты толық аяқталып, клиникалық тексеруден де өтті. Жоба авторлары оны енді медициналық өндіріс деңгейіне жеткізуді көздеп отыр.

Денсаулық сақтау саласында отандық имплантацияны қолданатын күн алыс емес. Өскемендегі техникалық университеттегі бір топ жас ғалым титан мен тантал қорытпасынан имплантты 3D принтерде жасап шығарды. Жоба авторларының бірі - Аманжол Тұрлыбектің айтуынша, еліміз жылына шетелден 14 миллион долларға имплант сатып алады. Енді өскемендік жас ғалымдардың жобасы өндіріске енсе, медицина саласындағы бірқатар мәселе шешілмек.

Аманжол Тұрлыбек, техникалық университеттің аға ғылыми қызметкері:

- Бұл жоба қазіргі таңда аяқталып келеді. Оның ғылыми жағы аяқталды. Біздер әзірлеу технологиясын ойлап таптық. Өзіміздің жасалған қорытпаны зерттедік. Эксперименталды түрде және де оңды нәтижелер алдық. Сенім керек және уақыт. Қаражат керек. Осы үш нәрсе қосылса, бір-екі үш жылда отандық имплант шығады.

Жастардың инновация игілігіне бағытталған кез келген жобасы ескерусіз қалмайды. Ал әлеуметтік және бизнес бағытындағы жобаларға да көмек көресетіледі. Биыл облыста жастар 500-ге жуық жоба ұсынған. Іріктелген 150 жобаға 150 миллион теңгенің гранты бөлінген. Жобасы мақұлданған жастар үш кезеңнен тұратын арнайы тағылымдамадан өтті.

Арайлым Есімбекова, облыстық жастар ресурстық орталығының директоры:

- Әрбір қатысушы жоғары білімі болса, 60 мың теңгеден орта және арнаулы білімі болса, 40 мың теңгеден ай сайын шәкіртақы алып отырады. Енді осындай бірнеше кезеңнен тұратын оқудан өткен жастар ары қарай бизнестерін жасап кетеріне сенімдімін.

Шағын бизнестің шапағатын көріп жүргендердің бірі - Салтанат Сармолдинова. Арнайы тағылымдамадан өткен соң сұлулық салонын ашқан. Бас-аяғы бір екі жылда әжептеуір жетістікке жетіп, қазір 7 адамға тұрақты жұмыс беріп отыр.

Салтанат Сармолдинова, кәсіпкер:

- Негізі жастар осындай бизнеске аяқ басу үшін өте қорқады. Өз-өздеріне сенім жоқ. Негізі мен ойлаймын, алдыңа мақсат қойсаң әр нәрсеге жетуге болады.

Әрбір жас мақсатқа жету үшін биыл аймақта 11 бағыт бойынша 100-ден астам жоба жүзеге асырылады.

Авторлары: Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин

Хабар 24 телеарнасы