388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлыбританиядағы қазақстандық студенттер қайырымдылық қорларына көмектесуде

  • 721
  • UPD: 11:17, 28.01.2019

Ұлыбританияда білім алып жатқан біздің студенттер Қазақстан игілігі үшін ерікті болып жүр.

Олар жергілікті қайырымдылық шараларына белсенді түрде қатысып, жиналған қаржыны отандық қорларға жібереді.

Айрика Нариман және Айсұлу Нұрбакимова – британиялық оқу орындарының студенттері. Олар сондай-ақ 15 жылдық тарихы бар KazSociety UK волонтерлік ұйымының белсенді мүшелері. Осы уақыт ішінде жастар қазақстандық қайырымдылық қорларына көмектесіп келеді – жергілікті шараларда британиялықтардан ақша жинап, отандастарына жөнелтеді. Өткен жылдың өзінде олар мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған психологиялық-педагогикалық түзету орталықтар жүйесін кеңейту және қазіргі заманға сай жабдықтау жобасына қолдау білдірді. Айрика мен Айсұлу Елбасының Жастар жылының бастау алуында айтқан еріктілердің шәкіртақысын көбейту мүмкіндігі туралы жаңалығын қуана қабылдады.

Айрика Нариман, ерікті:

- Бұл шынында өте жақсы жаңалық. Менің ойымша, бұдан кейін ерікті-студенттердің саны арта түседі.

Айсулу Нурбакимова, ерікті:

- Ерікті болу қайтарымсыз көмек көрсету, жақсылық жасау, адамдарды бақыттырақ ету дегенді білдіреді. Оған қоса өзің де бақытты бола түсесің. Қазақстанда еріктілер қозғалысы дамиды деп үміттенемін.

Ұлыбританияда волонтерлік қозғалыс өте ерекше жетілген. Еріктілер балаларды, үйсіздерді, қарт адамдарды, дене бітімінде не ақыл-ойында ауытқулар бар адамдарды қамқорлығына алады.

Волонтерлік қызметтің аясында жастар Ұлыбританияға оқуға келген отандастарына жергілікті жерге бейімделуге көмектеседі. Бұдан бөлек, олар өзге елдер өкілдерінің алдында Қазақстанның оң имиджін қалыптастырумен айналысып жүр. Ұлттық мерекелер ұйымдастырып, ән салады, би билейді.

Авторлары: Ғалымжан Қараманұлы, Бейбіт Мәдиұлы

Хабар 24 телеарнасы