383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті

  • 717
  • UPD: 07:57, 01.02.2019

Дәстүрлі шара бұл жолы қаладағы ең ірі ойын-сауық кешені мен сауда орындарында ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үш мыңға жуық адамға кеңес берілді. Көпшілікті әлеуметтік көмек алу, тұрғын үй құжатын рәсімдеу, операция жасату үшін квота алу мен балабақша кезегі секілді электронды қызмет түрлері қызықтырды. Былтыр аймақ тұрғындарының 79% электронды мемлекеттік қызмет түрлеріне жүгінген. Ендігі екі жылда бұл көрсеткіш 90% жетеді. Сондай-ақ мұндай жәрмеңкелер өңірдің барлық елді мекенінде өткізіле бермек.

Нұргүл Жанназарова, МҚСЖҚІА өңірлік департаментінің басшысы:

- Әртүрлі мемлекеттік қызмет түрлерін халыққа ұсыну үшін орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің 12 өкілі келіп отыр. Бұл шараны біз облыстың барлық аудан-қалаларында бірнеше рет өткізіп жатырмыз. Елбасының Жолдаудағы тапсырмасына сәйкес алдағы жылы 80%, 2020 жылы 90% межелеп, міндет ретінде қабылдадық.

Александра Корниенко, қала тұрғыны:

- Үйге азық-түлік алу үшін сауда орталығына келген едім. Жәрмеңкені көріп, өзіме қажет анықтамаларды мамандарға шығартып алдым. Енді мемлекеттік мекемелерге арнайы барып, уақыт жоғалтудың қажеті жоқ. Халыққа тиімді мұндай шаралар жиі өтіп тұрса деген тілегім бар.

Хабар 24 телеарнасы