378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2018 жылдың 9 айында өрттен 300-ге жуық адам мерт болған

  • 512
  • UPD: 23:39, 04.02.2019
2018 жылдың 9 айында өрттен 300-ге жуық адам мерт болған sb.by

Елімізде өткен жылдың 9 айында 9 мың 600-ден аса өрт дерегі тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,7 процентке аз. Дегенмен апаттан зардап шегіп, қаза тапқандар саны күрт өсіпті. Мәселен, тілсіз жаудан мерт болғандар саны 300-ге жуықтаған, 586 тұрғын зардап шеккен. Екі млрд теңгенің мүлкі күлге айналған. Өрт жиі тіркелген аймақ – Қарағанды облысы. Онда небәрі 9 айда 1 мың 200-ге жуық өрт болыпты. Алматы облысында да қауіпсіздік талаптарын сақтамағандар саны көп екен. Сондықтан төтенше жағдайлар қызметкерлері сақтық шараларына мұқият болуды ескертіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы