418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжіліс депутаттары Ақтөбе өңіріне жұмыс сапарымен барды

  • 1895
  • UPD: 11:05, 05.02.2019

Парламент Мәжілісінің бір топ депутаты Ақтөбе өңірін аралап жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар бірнеше заң жобасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындардың талап-тілегін тыңдайды. Қарғалы ауданы, Желтау ауылдық округіне қарасты Шәмші Қалдаяқов атындағы ауылға барып, ауыл шаруашылығы кешенінің жұмысшыларымен кездесті. Өткен жылы пайдалануға берілген көкөніс қоймасында 24 жергілікті тұрғын еңбек етеді. Заманауи жабдықталған алып қойманың сыйымдылығы 5000 тоннаға жуық. Жергілікті билік «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша қажетті инженерлік желілерді жүргізіп берген. Кешен жұмысшылары депутаттарға өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойды. Олардың айтуынша, мемлекет тарапынан берілген жер теліміне 2 жылдың ішінде үй тұрғызу қиын. Сондықтан осы мәселені қайта қарауды сұрады. Депутаттар ауыл мектебі мен балабақшаның да жұмысын көрді.

Сәкен Қаныбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Жер беріледі, бірақ 2 жыл ішінде үй салу мүмкіндігі болмайды. Соны ұзарту бойынша айтылып жатыр. Жалпы осындағы Ақтепте 640 гектар жер екен. Келешекте тағы қосымша жер алуға қандай көмек болады? Қандай заң? Көбінде кәсіпкерлер жерін пайдаланбайды, соны мүмкін болатын болса 3 жыл емес, одан да ертерек алып, жұмыс істейтін кәсіпкерлерге берсе деген сауал айтылып жатыр.

Әлия Сапарова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Біздің мақсат-міндетіміз – Мәжілісте қабылданып жатқан заңдарды сайлаушыларға жеткізе білу. Содан кейін олардың да өтінішін жинап, өзіміздің ұсынысымызға қоса білу. Бұл ең бастысы, халықтың мүддесіне жұмыс жасайтын заңдар. Бұл жұмыспен қамту бойынша заң қабылданды. Денсаулық сақтау мәселесінде 2 үлкен заңға қол қойылды. Басқа да бірнеше әлеуметтік заңдар қабылданған болатын.

Хабар 24 телеарнасы