389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжілісмендер шалғай ауылдарды интернетпен қамту мәселесін көтерді

  • 653
  • UPD: 22:08, 07.02.2019
Мәжілісмендер шалғай ауылдарды интернетпен қамту мәселесін көтерді

Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту керек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ шалғай елді мекендерді ғаламтор жүйесімен қамту және медициналық нысандар жұмысын жандандыру қажет. Осы және өзге мәселелер Мәжіліс депутаттарының сырбойылық жастармен өткен кездесуінде көтерілді. Халық қалаулылары Жастар жылында атқарылатын шаралардың орындалу механизмі жайлы баяндады. Кіші буын өкілдерін әсіресе «Болашақ» бағдарламасымен білім алу мүмкіндіктері қызықтырды. Сонымен қатар коворкинг орталықтарын мектептерде ашу жөнінде ұсыныс айтылды. Аймақтың барлық аудандарын аралаған депутаттар инфрақұрылымдық жобалар жөнінде кеңінен әңгіме өрбітті. Мәжілісмендер жергілікті атқаруші билікті елді мекендерде IT-білімді жетілдіру ісіне көңіл бөлуге шақырды. Интернет жетсе, жастар ауылдан қалаға сабылмай-ақ бірқатар мемлекеттік қызмет көрсету түрлерін электронды технологиямен тындыруға болады.

Бақтияр Мәкен, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Жастар жылында жасалатын көптеген нәтижелі жұмыстардың ертеңгі деңгейі қалай болады? Жалпы өздерінің ұсыныстарын беріп жатыр. Елге қандай жас мамандар, кадрлық даярлау, грант бөлуі, жастардың жұмыссыздық мәселесі деген сияқты өте өзекті мәселелер көтеріліп отыр. Меніңше, бұл да біз үшін жақсы серпіліс. Себебі Парламентте де жастар саясаты заңына сәйкес біраз өзгерістер енгізетін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы