428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда еріктілер көп балалы жанұяларға қамқорлық жасады

  • 1708
  • UPD: 17:57, 08.02.2019
Оралда еріктілер көп балалы жанұяларға қамқорлық жасады

Оралдық ерікті жастар қамқорлыққа зәру отбасыларды қолдау бағытында ауқымды шараларды қолға алды. Олар қайырымдылық жобасын іске асыру мақсатында жергілікті кәсіпкерлермен тығыз байланыс орнатқан.

Қаладағы ірі сауда орталықтарының басшылары мұқтаж жандарды азық-түлікпен қамтуға қол ұшын беріп келеді. Ерікті жастар қаладағы осындай қиын жағдайға тап болған ондаған отбасына көмектесті. Солардың бірі 6 баланың анасы Гүлнұр Шүйіншәлиева аядай бөлмені жалдап отыр. Балаларының ең кішісі 7 айлық болған соң әзірге жұмысқа шыға алмайды. Көп балалы ана жастардың бастамасына алғысым шексіз дейді.

Гүлнұр Шүйіншәлиева, қала тұрғыны:

- 6 баласы бар, төртеуі оқиды, екеуі кішкентай, бірі екі жаста, біреуі 7 айлық. Барынша енді қолдарыңыздан келгенін аяп жатырсыздар ғой, барлығыңызға да рахмет жастарға. Алладан қайтысын, отбасыларыңыз аман болсын, белсенді жастар енді қолдай берсін, аман болсын жастар.

Дулат Жүсіпқалиев, ерікті: 

- Орал қаласының белсенді жастары осы жақсылық жаса қайырымдылық акциясын жалғастырып жатырмыз. Қазіргі таңда біз азық-түлікпен қамтып жатырмыз. Кәсіпкерлер өздерінің қаржылай немесе өздерінің шығаратын өнімдерін біздерге ұсынып жатыр. Біз сол барлықтарын бір ортаға жинап отбасыларға әкеліп беріп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы