384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бурабай ауданында зиянсыз сұйық отын қолданысқа енгізілді

  • 440
  • UPD: 21:56, 11.02.2019
Бурабай ауданында зиянсыз сұйық отын қолданысқа енгізілді

Бурабай ауданының орталығындағы жылу қазандықтарының барлығы су-мазут эмульсиясын жағуға көшті. Қоршаған ортаға зиянсыз сұйық отын өндіріске алғаш рет енгізіліп отыр.

Тың жобаны осыдан бірнеше жыл бұрын Астанадағы Еуразия Ұлттық университетінің ғалымдары ұсынған болатын. Жаңа отын түрі экологиялық жағынан ғана емес, экономикалық тұрғыдан да өте тиімді екен. Мәселен, қазірдің өзінде мазут 20 процентке үнемделген. Ал бұл миллиондаған қаражат. Қазір Щучье-Бурабай курортты аумағындағы 8 жылу қазандығы осы жүйемен жұмыс істеп тұр.

Қазақстан Ыдырысов, жылу мекемесінің директоры:

- Қондырғы көрсеткендей, біз жылына 18 мың тонна мазут жаққанда ауаға таралатын зиянды заттар 1 жарым мың тоннаға дейін жететін. Ал қазір бұл көрсеткіш 50 процентке азайды. Келешекте бұл жүйені әлі де жетілдіре түсетін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы