384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында су қоймалары жөндеуді қажет етеді

  • 1201
  • UPD: 15:27, 12.02.2019

Жамбыл облысының Шу, Қордай, Сарысу аудандарындағы Тасөткел, Қарақоңыз, Ынталы су қоймаларын жөндеуге 2,7 миллиард теңге қажет, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұдан бөлек Талас ауданындағы Ақкөл су бөгеті де құрылыс жұмыстарын талап етеді. Қазір барлық нысандардың жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, бюджетке тапсырыс берілді. Бұл қаржыға бөгеттерді темір бетонмен қаптап, автоматтандыру көзделген. Өңірде жалпы 112 су қоймасы бар. Оның жетеуі жекеменшік, 105-і коммуналдық меншікте. «Қазсушар» мекемесінің мамандары қазіргі кезде судан келер қауіп жоқ деп отыр. Облыста түскен қар жылдық мөлшерден төмен болғандықтан, судың деңгейі тек 60 процентті құраған. Сондай-ақ өңірде су тасқыны қаупін ескерту бойынша бірқатар алдын алу шарасы жүргізілуде. 568 шақырым канал мен 1400-ге жуық арық тазартылды.

Қазыбек Бедебав, «Қазсушар» РМК облыстық филиалы директорының орынбасары:

- Бізде қазір жол картасы бойынша Ақкөл бөгетін жөндеу жұмыстарын жүргізбекшіміз, қазіргі жағдайда жобалық-сметалық құжаттамасы бітті. Оның құны 932 миллион теңге, оған бөгеттің жағдайын күшейту, ауылдан өткен 800 метр жерді жаға жұмыстарын көтеру қарастырылып отыр.

Хабар 24 телеарнасы