386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астаналық дәрігерлер туберкулезді емдеудің инновациялық әдістерін енгізді

  • 703
  • UPD: 15:18, 12.02.2019
Астаналық дәрігерлер туберкулезді емдеудің инновациялық әдістерін енгізді

Осыған дейін елімізде туберкулез дертімен күрес көп жағдайда дәрі-дәрмекпен жүзеге асатын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал егер хирургиялық әдіс қолданылса, бұл операция айтарлықтай ауыртпалығымен және кең тілігімен ерекшеленетін. Енді «Астана қаласының туберкулезге қарсы диспансері» аз инвазивті технологияларды қолданысқа енгізді. Бұл бағытта 2 операция өтті. Оның бірі омыртқаға, ал екіншісі өкпеге жасалды. Заманауи әдістерді осыған дейін шетелдік емдеу мекемелері ғана қолданса, енді отандық мамандар да қарқынды жүзеге асыруда. Жалпы, соңғы 10 жылда Астанада туберкулезге шалдығу көрсеткіші 4 есе азайған.

Рахима Қожабаева, науқас:

- Күннен-күнге қиындап бара жатыр. Дауысым шықпайды. Сөзімнің алды бар да арты жоқ. Сосын тамақ, су ішсем ауырады. 24-і келіп, 27-сі операция істеді. Құдайға шүкір, алдымен Құдайдың, содан кейін білімді дәрігерлердің қолында. Адам өмірді қимайды екен. Жасым 65-ке келді ғой, сонда да. Кішкене өмір сүре тұрсам ба деп сол кезде күнде түнде ұйықтамай ойлап шығатымын.

Ермұрат Өмірзақ, хирург:

- Операция кезінде жұтқыншақ арты іріні босатылды. Сол бөліктен бірінші, екінші мойын омыртқасы тазаланды. Және де жұлын ми ашылды. Бұл науқас тағы да 2-3 ай көлемінде ауруханада болады.

Хабар 24 телеарнасы