432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраулық әскери қызметкерлер баспаналы болды

  • 1347
Атыраулық әскери қызметкерлер баспаналы болды

Атырауда мемлекеттік бағдарламаның арқасында әскери қызметкерлер үйлі болды.

Атап айту қажет, оның талабына сәйкес әскерилер бастапқы жарна үшін пәтер құнының 5 пайызын ғана төлейді. Бүгін төрт баланың әкесі, сержант Мұрат Сатыбаев та қоныс тойын тойлады. Мемлекет тарапынан әскери қызметкерлер үшін арнайы төмен пайызбен берілетін ипотекалық несие жас шаңырақтың баспана мәселесін шешуге мүмкіндік берді. Бұдан бөлек пәтер жалдап жүрген мамандарға отбасындағы әр адам үшін 29 мың теңге төленеді. Медициналық қызмет тегін, балалар мектепке дейінгі мекемелерге кезексіз қабылданады. Қоғамдық көліктердегі жолақы, жылына бір рет теміржол ақысы да төленеді. Сонымен қатар азық-түлік пен киім-кешек те мемлекеттен беріледі. Әскерилер үшін басты мәселе баспана болған, енді бұл проблема да біртіндеп шешіліп келеді. Алдағы жылдары осы бағдарлама арқылы еліміз бойынша 60 мыңнан астам әскери қызметкер баспанамен қамтылмақ.  

Мұрат Сатыбаев, әскери қызметкер:

– Бүгін отбасыммен мемлекеттік «Әскери баспана» бағдарламасы арқылы пәтерге ие болдым. Мемлекет тарапынан бұл – әскери қызметшілерге тиімді бағдарлама.

Хабар 24 телеарнасы