424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Су тасқынының алдын алу жұмыстарында жерсеріктің маңызы зор – Ж.Жұбатов

  • 854
Су тасқынының алдын алу жұмыстарында жерсеріктің маңызы зор – Ж.Жұбатов

Былтыр қорғаныс өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 4 пайызға артып, 90,6 млрд теңгеге жетті. Экспорт көрсеткіші 7,3 млрд теңге. Ал импорт алмастыру бағдарламасы аясында Түркия, Израиль, Ресей, Франция және Біріккен Араб Әмірлігімен 8 жоба табысты жүзеге асырылды.

Бұл туралы бүгін Астанадағы қорғаныс өнеркәсібі көрмесі барысында белгілі болды. Жалпы елімізде бұл бағытта 40 кәсіпорын қызмет етеді. Онда 8,5 мыңнан астам адам жұмыспен қамтамасыз етілген. Көрме ұйымдастырушыларынң айтуынша, алдағы уақытта өнеркәсіп кешені үшін өнім өндіретін зауыттарды қолдау шаралары кеңейтілмек. Халықаралық тәжірибеде инвестициялық келісімшарттар, салықтық және басқа да жеңілдіктер қолданылады.

Жайлаубай Жұбатов, ҚР ҚАӨМ «Ғарыш-экология ҒЗО» РМК Бас директоры:

- Көктем уақыты келе жатыр. Су тасқыны болады деген әр жерде қауіптер шығып жатыр. Осы қардың еру кезіндегі мониторинг жұмыстарын, тасқынның алдын алу жұмыстарында жерсеріктің көмегі өте зор. Қазақстанның ауыл шаруашылығына, қауіпсіздігіне пайдасы зор. Жалпы Қазғарыш саласын әрі қарай дамыту керек. Бұл біздің елімізге өте керек сала.

Хабар 24 телеарнасы