384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандылық ірі кәсіпорындар 600 мың тоннаға жуық өндіріс қалдығын ауаға бөлген

  • 749
Қарағандылық ірі кәсіпорындар 600 мың тоннаға жуық өндіріс қалдығын ауаға бөлген

Қарағанды облысының 4 бірдей елді мекені еліміздегі ең лас өңірлер қатарына еніп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, өткен жылы аймақтағы ірі кәсіпорындар 600 мың тоннаға жуық өндіріс қалдығын ауаға бөлген. Алайда бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда, 3 мың тоннаға аз. «Бұған біріншіден, зауыт-фабрикалардағы өндіріс қуатының құлдырауы себеп», - дейді экологтар. Дегенмен кейбір алпауыт кәсіпорындар зиянды қалдықтарды сүзгіден өткізетін заманауи қондырғылар орнатқан. Енді биылдан бастап облыстың экологиялық ахуалын жақсарту үшін 3 жылдық кешенді жоспар қолға алынбақ. Ол бірнеше бағыт бойынша жүзеге асады.

Айман Құлатаева, Қарағанды облыстық экология департаментінің бөлім басшысы:

– Кешенді жоспарда көрсетілгендей, Қарағанды облысының бірқатар кәсіпорны онлайн түрдегі автоматтандырылған датчиктерді орналастыру керек. Бұл бізге шығарындылардың көлемін қаншалықты шығарды, мөлшерден тыс асырды ма, асырмады ма, соны қадағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар инспекторлық шараларды алдын ала қабылдауға мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы