386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында көпбалалы отбасылар жұмыспен қамтылады

  • 513
  • UPD: 23:14, 22.02.2019

Қостанай облысындағы ірі кәсіпорындар көпбалалы отбасыларды қамқорлыққа алып жұмыспен қамтиды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов халық алдында берген есепті кездесуінде мәлімдеді. Олар арнайы даярлық курстарынан өтіп, белгілі бір  мамандықты игеріп шығады. Тағайындалатын жалақы 80 мың теңгеден кем болмайды. Сондай-ақ көпбалалы отбасылар үшін қоғамдық жұмыс орындарын ашуға 650 миллион теңге қарастырылып отыр. Алдағы уақытта баспанаға мұқтаж жандарға арнайы тұрғын үй құрылысы да қолға алынады.

Архимед Мұхамбетов, облыс әкімі:

- Көпбалалы отбасылардағы аналар санитарлық күту жұмыстарына жұмылдырылады. Жаз бен көктем мезгілдерінде. Яғни бар болғаны жарты күн жұмыс істейді. Оларға бұл тиімді. Одан қалды біз әлеуметтік жұмыс орындарын 500-ден 740 орынға арттырамыз.

Хабар 24 телеарнасы