384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Нұр Отан» партиясының панельді сессияларында бірқатар мәселе талқыланды

  • 710
  • UPD: 19:00, 26.02.2019
«Нұр Отан» партиясының панельді сессияларында бірқатар мәселе талқыланды

Талқыға түскен тақырып көп. Әлеуметік саладан бастап, өнеркәсіп, білім және ғылым, денсаулық, және жастар мәселесіне дейін бар. Бес отырыс өтіп, жаңағы тақырыптар бойынша озық ой, ұтымды пікірлер таңдалды. Ертең олар сьез қатысушыларының жалпы қарауына ұсынылады.

«Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарлмасы экономикалық өсімді қамтамасыз етуге бағытталған. Маңызды құжат ертең бас партияның кезекті съезінде талқыға салынады. Бүгін министрлік өкілдері мен мәжіліс депутаттары осы құжатқа енуі тиіс ұсыныстарын ортаға салып, шағын және ота бизнесті дамыту мәселесін тілге тиек етті. Мақсат - алдағы 10 жылда халықтың тұрмысын тіктеп, әл-ауқатын арттыру.

Альберт Рау, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Жаңа бағдарлама 10 бағытты қамтиды. Бастысы экономиканы дамыту. Қазір әлемде сауда соғысы өршіп тұр, текетірес көп. Сондықтан мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін жедел әрекет етуіміз керек. Әуелі өңдеу өнеркәсібін дамытуымыз қажет. Сол кезде елдің жағдайын жақсартуға болады.

Сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіру, оның сапасын көтеру, тұрғындардың жайлы өмір сүруіне жағдай жасау мәселелері де панельдік сессияда қаралды. Бұл бағыттағы жұмыстардың жандануына жаңа үлгідегі мемлекеттік аппарат пен  саланы автоматтандыру мүмкіндік бермек. Мәселен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросында 250-ге жуық басшылық қызметі қысқартылған.  Бұдан бөлек, артық құрылымдар оңтайландырылып, қаржы үнемделген. Нәтижесінде қызметкерлердің жалақысы өскен. Қатысушылар мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға басымдық беру қажет дейді. 

Балабек Нарбаев, Жамбыл облысы Сарысу ауданының әкімі:

 - Бізде союз кезінде бірталай үйлер бұзылған болатын. Сол үйлердің ішінде жарайтын 10 үй болған. Сол үйлерді облыстық, республикалық бюджеттен жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Денсаулық сақтау саласы да маңызды. Алдағы уақытта "В" гепатиті мен "жатыр мойнының қатерлі ісігі" сынды онкологиялық ауруларға қарсы  екпе егу қайта қаралуы мүмкін. Обыр дерті көбеймесе, азаймай отыр. Саладағы өзекті мәселелерге азаматтар қызмет сапасы мен қолжетімділікті арттыру және ұзын-сонар кезек проблемасын шешуді жатқызған.  Сонымен қатар, балалардың дұрыс тамақтануы мен оларды спортқа баулу керектігі де басты мәселе.  Әзірге дәрігер жетіспеушілігі түбегейлі шешілген жоқ.     

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Біз биыл да осы мед институттарды бітірген мамандарды тікелей жаңа заң негізінде мемлекеттік мекемелерге, ауылдарға ауруханаларға жіберіп 3 жыл жұмыс істеткіземіз. Міндетті түрде, себебі мемлекет тарапынан оқып шыққан студенттер сол мемлекетке міндетті түрде 3 жыл жұмыс жасауы керек. 

Жалпы әрбір адам өз денсаулығына деген жауапкершілікті ұғынғаны абзал. Алайда халық арасында бұл мәселемен дәрігерлер ғана күресуі керек деген түсінік қалыптасқан. Осы ретте он жылдықтың он мақсатын айғақтаған бағдарлама салауатты өмір салтын жүргізу, кез-келген аурудың алдын алу бағытындағы жобаларды дамыта түсуге мүмкіндік береді дейді жиынға қатысушылар.

Алмат Қодасбаев, Алматы қалалық кардиология орталығының директоры:

- Алматы қаласында «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өте көп жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алматының өзі дүние жүзі бойынша дені сау қалалар қатарына қосылды. Әрбір аулада спорттық бұрыштар бар, халықтың қолы бос уақытта серуендейтін алаңдар көп ашылып жатыр.

Жастар мәселесіне ойыссақ, бүгінде ел жастарының 62 проценті, яғни жартысынан астамы баспанаға мұқтаж. Ал, бүгінде Қазақстанда 29 жасқа дейінгі азаматтардың саны 4 млн «7-20-25» бағдарламасы арқылы үй алайын десе,  алғашқы жарнаға қаражат жетпейді. Бұған қоса ай сайынғы төлемді өтеу де оңай емес. Себебі, жастардың айлығы мардымсыз. Панельдік сессиялардың бірінде мәжіліс депутаты  Бақтияр Мәкен осы мәселені көтерді.

Бақтияр Мәкен, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Мемлекет тарапынан арнайы бізде ипотекалық банктер бар ғой, солар арқылы мөлшерлі түрде жас отбасыларға ипотека арқылы кредит беріп, өздерінің тұрғын үйді алуға мүмкіндік беріп. Мысалы толық отбасының қаражаты 120 мың теңге болса, кредит арқылы сертификаттар беріп, жергілікті атқарушы органдар арқылы. Соған жас баспана деген құрылып жатыр ғой, Үкімет тарапынан соған мөлшерлі түрде көмек көрсету жағын қарастырып жатырмыз.

Жиында жұмыссыздықпен күрес, оқуға түспей қалған мектеп түлектерін оқыту, қала мен ауыл мектептерінің арасындағы алшақтықтықты жою  мәселелері де көтерілді. Енді бұл проблемалар ертеңгі «Нұр Отан» партиясының  кезектен тыс съезінде кеңінен талқыланып, тығырықтан шығар жолдар нақтыланады.

Хабар 24 телеарнасы