418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алдағы онжылдықта халықтың жағдайын жақсарта түсу міндеті тұр

  • 1366
  • UPD: 13:34, 27.02.2019
Алдағы онжылдықта халықтың жағдайын жақсарта түсу міндеті тұр

Қоғам жаңғырудың жаңа кезеңіне аяқ басты.

Ел экономикасының дамуы әлеуметтік салаға да өз әсер тигізді. Енді алдағы онжылдықта халықтың жағдайын одан әрі жақсарту міндеті тұр. «Нұр Отан» партиясының кезекті 18-съезіне жиналған делегаттар тарихи жиынның мән-маңызына тоқталып, партия алдына қойылған міндеттерге қатысты пікірлерін білдірді.    

Есберген Іңірбайұлы, Ақтау қаласының құрметті азаматы:

- Жалпы айтқанда, халықтың бай-бақуатты тұруына, сәулетті де дәулетті болуына барлық жағдайлар жасалып жатыр. Ал оларды жасау, оларды алдағы онжылдықтың ішінде жүзеге асыру, оларға ықпал ету саяси жағынан қолдау көрсету біздің «Нұр Отан» партиясына тапсырылып жатыр.

Мұқанжан Қамалов, «Нұр Отан» партиясы МОФ төрағасының бірінші орынбасары:

- Елбасының саясаты әр уақытта да еліміздегі әлеуметтік мәселелерге назарын аударып отыр. Сондықтан партия әр уақытта да одан тыс қалмайды. Оны атқаруға өзінің күш-жігерін, әлеуетін, тәжірибесін жұмсайды.

Болатбек Әбдірасылов, Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры:

- Партиямыздың негізгі мақсаты – халықтың жағдайын жасау, оған ықпал жасау, қоғамдық емес, мемлекеттік емес мекемелермен жұмыс жасап, осы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған. Сол себептен бүгінгі қабылданатын бағдарламаның аясында біздің қоғамда көптеген мәселелер шешіледі деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы