384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Nur Otan партиясының XVIII съезі: Қазақстандықтар қандай пікірде?

  • 1033
  • UPD: 18:52, 27.02.2019

Соңғы 20 жыл ішінде Nur Otan партиясы бастаған әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру оңайға соқпағаны белгілі.

Екі онжылдық ішінде жасалған ілгері қадамдар ғасырға бергісіз. Бүгінде халықтың бай-бақуатты болуына барлық жағдай жасалған. «Осы мүмкіндіктерді тиімді пайдалану үшін тұрғындарды ақпараттандыру – бірінші кезекте нұротандықтардың міндеті», – дейді елдің құрметті азаматтары.

Есберген Іңірбайұлы, Ақтау қаласының құрметті азаматы:

– Өткен 20 жыл бәріміздің көз алдымызда. Біздің еліміз 2000 жылдардың бас кезеңінде қиын жағдайда болғаны жұртшылыққа белгілі.

Айкүміс Досанова, Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының хатшысы:

– Елдің келешегіне байланысты ойымызға алып келген көптеген іс-шаруаларымыздың бағытын ашып берді. Елбасының өз аузынан еліміздің экономикалық өсімі, сол өсімнің халықтық әлеуметтік жағдайын жақсартуға байланысты көптеген мәселені естіп, тыңдап, қанағаттандық.

Болатбек Әбдірасылов, Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры:

– Көпбалалы отбасыларға көмек көрсету, оларға жағдай жасау. Және баспанамен қамтамасыз ету мәселелері шешіледі. Біздің партиямыздың негізгі мақсаты – халықтың жағдайын жасау. Қоғамдық емес мекемелермен жұмыс жасап, әлеуметтік мәселелерді шешу.

Айта кетейік, Nur Otan партиясының кезекті 18-съезі отырысынан арнайы шығарылымды біздің арнамыздан бүгін кешкі сағат 21:30 көруге болады.

Хабар 24 телеарнасы