377,65 427.65 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні

  • 758
  • UPD: 17:01, 01.03.2019
1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні

Ағымдағы жылы 1 наурызда «Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні» меркесі «біздің міндетіміз – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» ұранымен өтеді.

Өкінішке орай, әлем әлі күнге дейін тынышсыз. Планетаның әр түрлі нүктелерінде азаматтық халық зардап шегетін әскери қақтығыстар үнемі өршіп тұрады.
Бейбіт азаматтарды қорғау үшін арнайы құрылым – Азаматтық қорғаныс ұйымдастырылды. Уақыт өте келе бұл ұйымның міндеттері біршама кеңейтілді. Енді ол соғыс кезінде халықты қорғаумен ғана емес, табиғи және техногендік апаттар мен өзге де төтенше жағдайлар кезінде азаматтарды құтқарумен айналысады.
Ұйымның өзінің кәсіби мерекесі – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні бар. Бұл күн өз өмірлерін қауіп-қатерден сақтап қалу үшін жанкешті адамдардың құрметіне ұйымдастырылды.
Қазақстандықтар жыл сайын 1 наурызда Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін атап өтеді.
1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні неге атап өтіледі?
1990 жылы ХАҚҰ Бас Ассамблеясының 9-шы сессиясы өтті. 
Осы іс-шара аясында жыл сайын 1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін атап өту туралы шешім қабылданды. Бұл мейрамның күні 1972 жылғы 1 наурызда Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының (ХАҚҰ) құрылуына орайластырылды. Дегенмен, дәлірек айтсақ, бұл ұйым тек үкіметаралық мәртебеге ие болды, бірақ ол бұған дейін болған. Сол кезде 18 мемлекет мақұлдаған ХАҚҰ Жарғысы күшіне енді. Бүгінгі таңда бұл ұйымның мүшелері 50 мемлекет және тағы бірнеше ел бақылаушы мәртебесінде.
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні жыл сайын жаңа ұранмен өтеді. Ағымдағы жылы мереке «біздің міндетіміз – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» ұранымен өтеді.
Осыған байланысты ҚР ІІМ ТЖ комитеті балалар мен елдің қазіргі жастары арасында азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттауға үлкен мән береді. Осыған байланысты жоғары оқу орындарында, мектептерде, мектепке дейінгі мекемелерде және басқа да оқу орындарында арнайы сабақтар өткізіледі, ойындар, жарыстар, конкурстар ұйымдастырылады, олардың барысында қатысушылар өзін-өзі қорғаудың қажетті дағдыларын игереді, әртүрлі дағдарыстық жағдайлар туындаған кезде өзін қалай сақтап, айналасындағыларды қалай құтқаруды үйренеді.
Қазіргі уақытта күн сайын әртүрлі табиғи және техногендік оқиғалар мен төтенше жағдайлардың пайда болу қаупі орын алған кезде осындай іс-шараларды өткізу өте өзекті. Ол халықты қандай да бір сыни жағдайда өзін-өзі ұстау ережелерін үйретуге, тіршілік қауіпсіздігі саласындағы мамандардың білімі мен іскерлігін тексеруге, күштер мен құралдарды қолдану жоспарларын және олардың іс жүзінде тиімділігін тексеруге мүмкіндік береді, проблемалық мәселелерді анықтауға, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп осы бағытты дамыту перспективаларын талқылауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар төтенше жағдайлардағы іс-әрекет дағдыларын және білімін жетілдіру мақсатында әртүрлі іс-шаралар жоспары әзірленуде.
Сонымен қазіргі уақытта ТЖ комитеті қазіргі қоғамның назарын Азаматтық қорғаудың ұлттық қызметтері орындайтын маңызды міндеттерге аудару және олардың азаматтық қорғау іс-шараларына тікелей қатысу мақсатында «Азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерін даярлау жөніндегі іс-шараларға азаматтық халықты тарту жөніндегі шаралар кешені» Жол картасын әзірледі.
Жол картасы азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға өз бетінше жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін халықты азаматтық қорғау жаттығуларына тарта отырып дайындау жөніндегі азаматтық қорғау іс-шараларын айқындайды.
Сонымен қатар, ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп «Қазақстан Республикасы жалпы білім беру мекемелерінде Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін өткізудің іс-шаралар жоспары» әзірленді.
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу бойынша барлық іс-шаралар төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттер бойынша халықтың хабардарлығын арттыруға бағытталған.

ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы