389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда өмір сүру сапасы артады

  • 782
  • UPD: 19:18, 02.03.2019

Ең төмен жалақы алатын бюджеттік қызметкерлердің еңбекақысы 1 шілдеден бастап 30 процентке артады.

Бір ғана Ертіс өңірінде осы санатқа жататын 52 мың тұрғын бар. Жалақыны көтеру үшін биыл 6 миллиард, ал келесі жылы 12 миллиард теңге қарастырылады. Сонымен бірге төменгі санаттағы 2 жарым мың мемлекеттік қызметкердің жалақысы орта есеппен 25 процентке артады. Бұл туралы Nur Otan  партиясының облыстық филиалында, партияның XVIII съезінде жүктелген міндеттерді жүзеге асыру туралы өткен облыс активінің  отырысында айтылды. Съезде ең басты мәселе бұқараның әлеуетін көтеру турасында өрбіп, нақты тапсырмалар берілген болатын. Аймақ басшылығы халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған өңірлік саясат жүзеге асатынын жеткізді. Облыстағы жетекші партияның филиалы «Халыққа көмек» арнайы жобасын іске қосады. Аймақ басшысының айтуынша, аудандарда екіқабатты үйлер салынып, тірек ауылдарын дамытуға баса мән беріледі. 

Мейрам Бегентаев, облыс әкімінің орынбасары:

- Көп балалы 400 ауыл тұрғынына 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 252 мың теңге жаңа бизнес-идеяларға беріледі. Сонымен қатар 200 айлық есептік көрсеткіш, 505 мың теңге көлемінде қайтарымсыз негізде мемлекеттік несие қарастырылады. Екіншіден, республикада биылғы жылға 14 мыңдай шағын несие беру жоспарланған. Олардың 5 мыңы кәсіпкерлікті дамыту үшін көпбалалалы аналарға және мүгедектігі бар азаматтарға бағытталады.

Хабар 24 телеарнасы