378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістанда 20 көп қабатты арендалық үй қолданысқа беріледі

  • 252
  • UPD: 08:38, 03.03.2019

Түркістан қаласында халыққа қолжетімді болуы үшін арендалық баспаналар көптеп салынуда. Биыл жыл соңына дейін шаһарда «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде 1200 пәтерлі 20 көп қабатты арендалық тұрғын үй пайдалануға беріледі.

Іргетасы өткен жылдың қыркүйек айында қаланып, мемлекеттік бюджет есебінен салынып жатқан үйлердің алды осы көктемде беріле бастайды. Бұл баспаналар алдымен тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға, көпбалалы және толық емес отбасыларға, баспанаға мұқтаж жандарға, ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетім балалар мен бюджеттік сала қызметкерлеріне үлестіріледі. Қазір шаһардағы «Отырар» шағын ауданында салынып жатқан тұрғын үйлердің көбінің төбесі жабылып, ішкі монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы тартылып, абаттандыру бойынша жұмыстар атқарылуда.

Тоқтар Үсіпалиев, облыстық құрылыс басқармасының басшысы:

- Арендалық үйлердің алды осы сәуір-мамыр айларынан бастап беріле бастайды. Алғашқыда 47 мың шаршы метр болатын 11 үйді тапсырамыз. Олардың барлығы 5 қабатты үйлер. Күзде тағы да 540 пәтерлі 9 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі.

Хабар 24 телеарнасы