375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында асыл тұқымды ірі қара мал басы көбейіп келеді

  • 219
  • UPD: 14:26, 04.03.2019

Қазір аймақта 68 мыңнан астам Зеңгі баба төлі бар. Ал оларды асылдандырам деген шаруаларға Үкіметтен субсидия да бөлінеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі елімізде қазір мал шаруашылығын дамытуға ден қойылып отыр.

Бұрын жергілікті шаруалар асыл тұқымды сиырларды сырттан сатып алатын болса, қазір өзімізде де жеткілікті. Мәселен, мал шаруашылығымен көптен бері айналысатын бұл серіктестік биыл асыл тұқымды шаруашылық мәртебесін алды. Енді олар маңайдағы шаруаларға бұқаларды сата алады. Ал ірі қара тұқымы ешқандай да шетелдік емес, қазақстандық әулиекөл және қазақтың ақбас сиыры.

Кенжеболат Тұрғынбаев, серіктестіктің атқарушы директоры:

Жоспарымыз – осы малды көбейту. Қазір 400-ге жуық малымыз бар. Одан да ары қарай малдарымызды көбейтіп, дамытып ұстағымыз келеді. Жылына бізде 100 бастай төлдейді. Оның ішінде ұрғашысы бар, еркегі бар.

Ал Азамат Бабажанов, мал шаруашылығымен енді ғана айналысып жүр. Оның да мақсаты - мал басын асылдандыру. Ол 2017 жылы «Игілік» бағдарламасымен несие алып, бұл қаржыға 19 бас ірі қара сатып алған. Ата кәсіптің табысты екенін білген жас шаруа, бұл істі енді ірі шаруашылыққа айналдырсам, - дейді.

Азамат Бабажанов, шаруа:

- Несиемді бітіргеннен кейін алдағы мақсатым - осылай малымды дамытып, көбейтуге тырысамын. База салғым келеді осындай жаңағы нелермен. Осындай бағдарлама жақсы.

Жалпы Ақмола облысында 30 шақты асылтұқымды ірі қара өсіретін 30 шақты серіктестік бар. Ал мал басын асылдандырғысы келетін қарапайым тұрғындарға мемлекет көмектеседі. Мәселен асыл тұқымды бір бұқаның бағасы 350-400 мың теңге шамасында тұратын болса, оның 150 мың теңгесін Үкімет өтеп береді.

Авторлары: Дамир Берікұлы, Анатолий Полянный, Евгени, Шинкаренко

Хабар 24 телеарнасы