378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да мүгедек жандар ХҚКО-ға жұмысқа алынды

  • 215
  • UPD: 20:08, 04.03.2019

Шығыс Қазақстан облысындағы халыққа қызмет көрсету орталығы кембағал жандарды жұмысқа қабылдап жатыр. Тек Өскемендегі  орталықтарда бүгінде  мүмкіндігі шектеулі  40 адам қызметке кірсе тағы 20-сын қабылдауға дайын. 

Дәуренбек Қауысхановтың осы орталықты жұмыс істеп жүргеніне 5 жылдың жүзі болды. Қазір жаңадан жұмысқа тұрған жастарға білгенін үйретіп, тәлімгер болып жүр.  

Дәуренбек Қауысханов, ХҚК орталығының маманы:

- Осындай мекемелерге мүмкіндігі шектеулі азаматтарды көбірек алғаны дұрыс болдаы. Өйткені бұл жерде ауыр жұмыс емес. Өз миыңмен жұмыс істейсің. Қиындығы жоқ. Мемлекет осындай бағытқа көп қараса? Үйде отырып қалған азаматтар бар. Жұмыс істегісі келеді. Соған көп мән берсе деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы