378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Полиграф арқылы жамбылдық әскерилердің біліктілігі тексерілді

  • 264
  • UPD: 07:22, 05.03.2019
Полиграф арқылы жамбылдық әскерилердің біліктілігі тексерілді

Енді әскери лауазымды тұлғалардың қызметіне адалдығы арнайы полиграф қондырығысы арқылы тексерілмек.

Тың бастаманы жамбылдық әскерилер алғашқылардың бірі болып қолданып көрді. Өңірге Қорғаныс министрлігінен барған жұмыс тобы офицерлерге қондырғының мүмкіндіктерін көрсетті. Сонымен қатар Тараз гарнизонынындағы 10 әскери бөлімнің әскери қызметшілерін  тестілеуден өткізіп, біліктілігін тексерді. Мамандар бұл бірінші кезекте саладағы жемқорлықтың алдын алауға сеп болатынына сенімді.

Айта кету керек, осындай шаралардың нәтижесінде жемқорлық сипатындағы заңбұзушылықтар өткен жылы 17 процентке төмендеген.

Жомарт Битабаров, полиграфолог маман:

- Бұл еліміздің Қарулы күштері қатарында жемқорлықты болдырмау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Әсіресе жауапты қызметке тағайындау кезінде әскерилердің жеке қасиетін анықтауға пайдасы зор. Осы арқылы әскери қызметшінің адалдығы зерттеліп, зерделеніп барып тағайындалады.

Хабар 24 телеарнасы