378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада жалған ақша жасағандарға қатысты сот үкімі шықты

  • 279
  • UPD: 13:23, 06.03.2019
Қызылордада жалған ақша жасағандарға қатысты сот үкімі шықты

Қызылордада жалған ақша жасағандарға сот үкім шығарды. Қаладағы жарнама агенттіктерінің бірінің иесі өз типографиясында 5 мың теңгелік жалған банкноттарды басқан. Ал оны өткізу кезінде букмекерлік кеңсе күзетшісі көмектескен.

Жедел іздестіру шаралары барысында жалған купюралар шығарған жасырын цех анықталып, 5 мың теңгелік жалған банкноттың 132 данасы тәркіленді. Ал жеңіл жолмен мол пайдаға кенелгісі келген екі азамат 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Мұнан бөлек Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметі жалған ақша жасау дерегі бойынша екі адамнан құрылған тағы бір қылмыстық топтың жолын кесті. Олар жалдамалы пәтерде 10 мың теңге және 100 АҚШ доллорын түрлі-түсті принтерде басқан. 

Ардақ Биғалиев, облыс бойынша МКД экономикалық тергеу қызметінің басқарма басшысы:

- Екінші топ 10 мың теңгелік купюраларды қолдан жасап, осы Қазақстан Республикасының аумағында өткізумен айналысқан. Экономикалық тергеу қызметінің жедел іздестіру қызметімен жүргізілген нәтижелері бойынша құрықталып, қылмыстық істер сотқа жолданды. Бұл азаматтарға байланысты сот шешімі шығып, 5 жылдан бас бостандығынан айыру жазасы қолданылды бұл азаматтарға да.

Хабар 24 телеарнасы