375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысының әкімі аналарды көктем мерекесімен құттықтады

  • 332
  • UPD: 08:25, 08.03.2019

Алматы облысында көп балалы аналар мен аз қамтылған отбасыларды қолдауға 3 миллиард теңге бөлінеді.

Бұған қоса олар баспанамен қамтамасыз етіле бастайды. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шарада өңір басшысы Амандық Баталов Алтын және Күміс алқа иегерлерін марапаттап, Алматы облысынан шыққан қыз-келіншектердің, әйел-аналардың елді дамытуға қосқан үлесі орасан зор екендігіне тоқталды. 

Амандық Баталов, Алматы облысының әкімі:

- «Тәрбие басы – тал бесіктен», «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген аталы сөздер бүгін де өз мәнін жоғалтқан жоқ. Бір қолымен бесікті, бір қолымен дүниені тербеткен әйел-ананы ерекше құрметтейміз. Әр таңдарыңыз арайлы атып, күндеріңіз нұрға толсын!

Алмахан Кенжебекова, Алматы облысының құрметті азаматы:

- Отбасына көңіл бөлетін, аналардың да денсаулығына, балаларына қарасатын сондай бір жақсы жарлық жарияланды деп есептеймін, айналайын. Біздің әйелдер қауымы ризашылықпен қарсы алады оны. Тыныш өмір сүріп жатқан Отанымызда өздерін бақытты сезінеді деп есептеймін. Өйткені мұндай Отанда бақытсыз сезіну мүмкін емес. Әр нәрсенің өзінің бір сәті бар. Сол сәт енді келді. Ел-жұртымыз аман болсын!

Хабар 24 телеарнасы