388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Құрлық әскерлері институтының басшылары аруларды мерекемен құттықтады

  • 816
  • UPD: 13:22, 08.03.2019
Құрлық әскерлері институтының басшылары аруларды мерекемен құттықтады

«Әскери қызметтің ауыртпалығын ер азаматтармен бірдей көтеріп жүрген нәзік жандардың еңбегі ерен.

Тіпті кейбір сынақтар мен тапсырмаларды олар артық орындайтын қабілетке ие». Қызметтегі әріптес аруларын құттықтаған Құрлық әскерлері әскери институтының басшылары осылай дейді. Мерекелік шарада оқу-орнының білімгерлері мен сарбаздар салтанатты сап құрып, жаттығу алаңында арнайы көрініс әзірледі. Одан кейін басшылық білікті ісімен дараланған бірқатар әріптестеріне алғыс хаттарды табыстады.

Жалпы, институтта 300-ге жуық әйел жұмыс істейді. Оның отызы офицер. Бүгін әскерилер де аруларға арналған әндер шырқап, жүрек жарды тілектерін білдірді. 

Жұмабек Хасенов, Құрлық әскерлері институты басшысының орынбасары:

- Осындай бақытты елімізде мықты да әдемі әйелдеріміздің болғанына қуаныштымыз. Және аналарымызға, қарындастарымызға зор бақыт, денсаулық, береке тілейміз.

Хабар 24 телеарнасы