378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында 39 елді мекен судың астында қалуы мүмкін

  • 309
Қостанай облысында 39 елді мекен судың астында қалуы мүмкін

Қостанай облысында биыл су тасқынынан төнер қатер көп, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Аймақта екі мыңдай адам тұратын 39 елді мекен судың астында қалуы мүмкін», – дейді Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары. Бес аудандағы өзен-көлдерде 58 мың текше метр мұзды жару жұмыстары қолға алынады. Осылайша судың өз арнасымен еркін ағуына жағдай жасалмақ. Өңірдегі қазір негізгі су қоймаларының 75 проценті толған. Тасқынынан қауіп наурыз айының соңы мен сәуірдің ортасында күшейеді деген болжам жасалды. Жалпы қызыл суға қарсы тұру шараларына 442 миллион теңге бағытталады.

Руслан Орынбеков, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

– Қаупі бар елді мекендерде инертті материалдар, қапшықтар, жанармай қорлары жеткілікті көлемде дайын тұр. Алдын ала әзірленіп қойған. Оған қоса, сол елді мекендерде қарды шығару, айналмалы өту каналдарын, арықтарын тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы